Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 01 Шілде 2021

Қарағанды -донорларды шақырады

None
None

Қарағандыда донорлардың қадірі енді қатты сезіле бастағандай. Қызыл аймақтың дәрігерлері донорларды іздеу үстінде.

Короновирус өршіген шақта қауіпті кеселге шалдыққан кейбір науқастарға қан плазмасы ауадай қажет болып тұр.  Өңірдегі 1229  аурудың  кеселден айығуына донор қаны себепші болған. Қанға сұраныстың  артуынан  аймақта донор тапшы.  Қазірге дейін орталыққа келіп  қан бергендердің  қатары  35 мыңға жуық адамды құраған. Кеше  ерікті түрде қанның иммунаплазмасын тапсырғандарға 22 мың теңге төлемақы төленді. Қанның қажеттігін ескерген Мадияр Ұзақбай сауапты іске өз үлесін қосқандардың қатарынан табылды.

-Дәрігерлердің айлығы төмен екені жұртқа мәлім. Осы  араға келуіме қаржы мәселесі де түрткі болды,- дейді Теміртау қаласындағы емханада хирург болып істейтін емдеуші маман.

            Орталықтың мамандары қан плазмасының қорын жинау қиынға соғатынын айтты. Дегенмен, осы айда ол қажеттілік рекорттық көрсеткішке жеткен.

-«Қорға құйылған барлық  қан мөлшері қауіпсіз. Анығын айтар болсақ, донорлардың қан құрамында ақау жоқ. Олардың дені короновируспен бұрын ауырып шығып, ағзасындағы  антиденелері көтерілген кісілер.  Қазір біздің орталықтан  ауруханадағы  COVID-пен ауырып жатқан пациенттерге күніне 50-100 доза дейін қан әкетіп жатыр»,-дейді қан орталығының меңгерушісі Рысқал Ықыласова.   

Қарағанды облысында бүгінде жұқпалы науқасқа шалдыққан 1300 адам стационарлық ем қабылдауда. Солардың 54 мыңы жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал 4 емделуші өкпені жасанды  демалдыратын құрылғының көмегімен  тыныс алуда.

Тегтер: