Қарағанды мешіті Маңғыстау өңіріне мал азығын жөнелтті (видео)
Кеше Қарағандыдан 6000 түкке шақ, яғни 4 вагон шөп Маңғыстау облысының Шетпе және Бейнеу ауылына жөнелтілді.
Аталған аймаққа артылған мал азығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Қиындықта ел бірге» жобасы аясында іске асырылды. «Мұның сыртында, өңірдегі барлық мешіттердің қызметкерлері және ерікті түрде жәрдем беруші жамағат батыстағы қандастарымыздың басына түскен қиындыққа қолдау көрсету мақсатында, жаратқаннан жәрдем тілеп асар ұйымдастырдық. Имандылық үйі өткізген қайырымдылық шарадан түскен қаржыға шөп сатып алдық»,-деп мәлімдеді облыстың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы.
Еске сала кетейік, биылғы жазғы қуаншылықтың салдарынан Маңғыстау және Қызылорда облысының бірқатар елді мекендерінде бірнеше бас ірі қара малы аштықтан қырылып қалған болатын.