Қарағанды облысында 3 мыңнан астам жол белгілері жаңартылды
Мамандардың болжамына сүйенсек, жыл басынан бері Қарағанды облысының автожолдарында 3 мыңнан астам жол белгілері жаңартылатын болады.
Оның 1700-і бойынша жұмыстар аяқталды. Жоспарланған тоғыз бағдаршамның бесеуі орнатылды.
Облыс жолдарында қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар шаралар қабылданып жатыр.
Осының нәтижесінде, Қарағандыдағы солтүстік-шығыс айналма жолының көлік ағыны едәуір қысқарды. Атап айтқанда, Қызылорда- Павлодар автожолында оңтүстік-батыс айналма жолын қайта жасау жоспарлануда.
-Жалпы ұзындығы 158 шақырым Қызылорда-Павлодар Республикалық маңызы бар жолдың жобалық сметалық құжаты әзірлену үстінде. Сонымен қатар, биыл облыстық маңыздағы 195 шақырымдық көлікжолдардың 12 учаскесі орташа өңдеуден өткізіледі. Мысалы, Қарқаралы- Баянауыл, Жартас-Долинка бағытындағы тас жолдар бар. Бұдан тыс, қалалар мен аудандардағы жолдардың техникалық жағдайын жақсарту үшін 394 шақырымына жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнде 177 шақырымдық жол толықтай жаңартылды, -деп мәлімдеді, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қарағанды облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Елжас Жартыбаев.
Спикердің айтуынша, Қарағандыдан Жамбыл облысымен шекараға дейінгі автожолдар да қайта жаңарту жалғасуда. Оның ұзындығы 513 шақырымды құрайды. Бұл араға жөндеу жұмыстарына байланысты жылдамдықты шектейтін белгілері қойылады. Осы орайда, Е.Жартыбаев Балқашқа бет алған жүргізушілерге жылдамдық сақтауды ерекше ескертті. Аталған учаскелердегі қауырт науқан 2024 жылдың соңында аяқталады.
Облыс орталығына қатысты да жағымды жаңалықтар көп. Айталық, Қарағанды қаласындағы Бөкетов көшесінен Күнгей ауданы бағытында тасжол салынады. Ғарышкерлер көшесіндегі жол қайта жаңартылмақ. Ал Пичугин және Новоселов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жүргізушілердің назарын аудару және олардың қарсы жолға шығып кетпеуі үшін үшін облыс орталығындағы орталық көшелердегі көлік жолдарына сары түсті белгі. Жаяу жүргіншілердің назарына «Баланың қолынан ұста!», "Құлаққапты шеш! " деген ескертпе жол белгілері қойылатын болады. Биыл 618 мың шаршы метр жол жаңартылады. Сонымен қатар, кеншілер шаhарында 400 метрден астам жаяу жүргіншілер қоршаулары, торлы қоршаулар, қар ұстайтын қалқандар және профилактикалық билбордтар орнатылғанын айта кеткен жөн.