Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 17 Мамыр 2023

Қарағанды облысында 700 мүгедек жұмысқа орналасады

None
None

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тартудың тізбесі қайта кеңейтілді. Ол бойынша биыл 700 мүгедекті жұмысқа орналастыру міндеті  бекітілген.

Бұл мәселе бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың төрағалығымен өткен жастар мәселесін талқылаған  кезекті  кеңесте қозғалды.  Бүгінгі күні облыста ерекше қажеттілігі бар 55 мың адам тұрады. Олардың 31031-і  жасы 16-дан асқан еңбекке қабілетті жандар. Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекованың мәлімдеуінше, қай кезде де, мүгедектердің әрқайсы жұмыс істеуге құқылы.

 -Қоғам осал топтарға қолдау көрсетуге міндетті. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қызметтес  әріптестері алдында және желіде жұмыс істей отырып, ол айналасындағыларға білімі мен дағдылары өзгелерге қажет екенін  сезінеді. Демек, ол кәсіби маман ретінде сұранысқа ие деген сөз. Ал бұл өз кезегінде,  мүгедектер үшін әлеуметтік бейімделудің маңызды тетігі,-деді ол.

Жиында ерекше қажеттігі бар жандарға білім берудің қолжетімді болу мәселесі де  көтерілді. Спикер мамандар  қатысушыларға  білім алушы жастар арасында кәсіптік бағдар беру әдісін ұйымдастырудың жолы жайлы айтып  көрсетілді.  Кеңесте сондай-ақ  алдағы үш жылға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жоспары   таныстырылды. 

Тегтер: