Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:07, 06 Қыркүйек 2023

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарын емдеуге медициналық сақтандыру қоры жеті млрд теңге бөлді

None
None

Ауқымды қаражат медициналық сақтандыру қоры арқылы бөлінді. Қаражының негізгі бөлігі тәуліктік және күндізгі стационарлар жағдайында ауылдық ауруханалардағы пациенттерді емдеуге және  амбулаториялық  көмек көрсетуге жұмсалады.

 Материалдық  көмектің  бір бөлігі ТМККК пакетіне кірмейтін мамандандырылған, яғни  хирургиялық емдеу мен консультациялық-диагностикалық қызметтерді төлеуге бағытталған. Шығындар тізбесінде жылжымалы медициналық кешендердің алымы мен жұмыс ақысын төлеу  мүмкіндіктері қарастырылған. Соның нәтижесінде,  биылғы 7 айда ауылдық денсаулық мекемелерінде  шалғайдағы елдімекендерде тұратын  20 мыңнан астам науқас тексерістен өтіп, қажетті  ем-дом қабылдаған.

– МӘМС жүйесін енгізумен облыстың бірқатар медициналық ұйымдары жылжымалы медициналық пункттерге ие болды. Бұл ауыл тұрғындарына, әсіресе алыс елдімекендегі халыққа медициналық көмекті қолжетімді етуге жол ашты. Енді  ауыл тұрғындарына тексерістен  өту үшін қалаға немесе аудан орталықтарына шабылудың қажеті жоқ. Бәрінен бұрын  бұл ауруды ерте анықтауға оң әсер етеді, – дейді Қарағандыдағы медициналық сақтандыру қоры  филиалының директоры Фазыл Көпбаев.

Биылғы жеті айда медициналық сақтандыру қоры аймақтағы  медициналық ұйымдарына емдеу-диагностикалық іс-шараларды қаржыландыруға 84,4 млрд теңге аударған. Шілде айында МӘМС пакеті бойынша облыс халқына медициналық көмек көрсетуге қосымша 3,7 млрд теңге бөлген.

Тегтер: