Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:27, 10 Шілде 2023

Қарағанды облысында биыл 5 мыңға жуық шағын кәсіпорын ашылды

None
None

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев  бүгін өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, толғандырған сауалдарына жауап берді.

Аймақ кәсіпкерлерінің кезекті сараптамалық кеңесінің отырысында «ашық микрофон» форматында әркім өз проблемасымен бөлісті.

Жалпы айтқанда, мұнда  шағын және орта бизнес ахуалы тұрақты дамып келеді.  Бүгінде облыста 100 мыңға жуық  кәсіпкерлік  нысан жұмыс істейді, онда 233 мың адам еңбек етеді. Бір жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлердің табысы  1,5%-ға өскен. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың  айтуынша, облыста бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту үшін қолайлы мүмкіндік  жасалынып келеді.

«Аймақта  кәсіпкерлерді қолдаудың ұлттық жобасы аясында қаржылай бюджеттік инвестициялар тартылады.  Мұндай қолдау шараларымен шектелмей, біз  „Кәсіпкер“ өңірлік бағдарламасын іске қостық. Естеріңізге сала кетейік, өңір  республикада  алғашқылардың бірі болып бөлшек салық мөлшерлемесін екі есеге, яғни  4-тен 2%-ға дейін төмендетті. Бұл жеңілдікті  35 мыңнан астам кәсіпкер пайдалана алады», – деді өңір басшысы.

Мұның сыртында, облыс кәсіпкерлері үшін онлайн режимінде 171 қызмет түрі  қолжетімді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бастамасы да  жалғасып жатыр.

Айтбала Сүлейменқызы Қарағанды облысы

Тегтер: