Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:51, 12 Қыркүйек 2023

Қарағанды облысында бруцеллез ауруы бас көтерді

None
None

Жұқпалы індет Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында анықталды.

Биыл өңірде  бруцеллез жұқтырған 19 адам тіркелді. Былтырғымен салыстырғанда, жаңа жағдай  екі адамға өскен. Бұл жайында  облыстық СЭС дәрігерлері мәлімдеді.

Жұқпалы індет Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бруцеллез  қоздырғышының негізігі көзі ауыл шаруашылығы малдары. Есесіне аурудың осы түрі  малда былтырғыдан 337 басқа артып отыр. Едәуір алаңтатарлық жағдай.

-Эпидемиологиялық тексеріс барысында бруцеллезді жұқтырғандардың 61,8 пайызы  сүт және сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз пайдаланылғаны және тауарды  жеке тұлғалардан сатып алғаны мәлім болды. Мал ұсатаушылардың 38,2 пайызы үй жануарларын күту кезінде санитарлық-гигиеналық  нормалар мен ережелерді ескермеген  және қолдағы малдарын уақтылы зертханалық  тексерістен өткізбеген. Сыртқы ортадан алған сынамалардан бруцеллез қоздырғыштары  сүт өнімдерінде 13,2 пайыз, жемде 25,0 пайыз байқалды. Әдетте, бруцеллез адам бойында бірден байқалмайды. Оның инкубациялық  кезеңі  7- 8 аптада көрінеді. Қазір кезде  екі аптада аңғарыла бастады,- делінген аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі дайындаған парақшада.  

Эпидимиологтар аймақ тұрғындарына ет және сүт өнімдерін ветеринарлық бақылау қызметінің тексерісінен өткен сауда нүктелері мен супермаркеттерден сатып алуға кеңес береді.

Тегтер: