Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 18 Қаңтар 2022

Қарағанды облысында ірі қарадан аусыл шықты

None
None

Шет ауданына қарасты Киікті ауылындағы шаруа қожалықтың біріндегі сиырлардан аусыл сырқаты анықталған.

Бүгінде ауру ошағы білінген аумаққа карантин қойылған.

Киікті ауылындағы «Мұрат» шаруа қожалығының   ірі қаралары  желтоқсанның соңында ауыра бастаған. Ветеринар мамандар сырқаттанған малдан сынама алып Нұр — Сұлтан қаласына тексеруге жіберген екен.

Ірі қаралардың аусыл дертіне шалдыққаны туралы нақты қорытынды 14 қаңтарда шыққан. 

«Зерттеу нәтижесі шыққан бойда сол күні, шаруа қожалық аумағына карантин қойылды.Сол жерге бекет қойылған сырқат жұқтырған 25 ірі қара малдарын қан шығармай өлтіріп, олардың өлексесін өртеп жібереді»,- деп мәлімдеді Ветеринария басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Тұрсынбеков. 

Шаруа қожалық иесіне ірі қараның құны нарық бағасымен есептеліп Республикалық бюджеттен төленеді. Карантин ауру ошағы шыққан жерде 21 күн болады.

Тегтер: