Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:44, 23 Маусым 2022

Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде

None
None

Осы жылдың бес айында Қарағанды облысында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 7,1%-ға артты.

ШОБ өнімінің жылдық шығарылымы 2 трлн теңгеден асты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осы секторды дамыту әлеуеттері туралы айтып берді. Оның айтуынша, ШОБ өндіріс көлемін 10%-ға арттыру міндеті тұр.

Жұмыс орындарына келетін болсақ, шағын және орта бизнесте облыс тұрғындарының 40%-ы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін тоғыз ұлттық жоба жоспарланған.

– Бүгінгі таңда 5700 жұмыс орны құрылды, оның 1800-і тұрақты. Жұмыссыздық 4,6% деңгейінде сақталуда, бұл республикалық орташа деңгейден 0,3%-ға төмен. Қабылданып жатқан шаралар бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс басшысы.

Тегтер: