Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:59, 07 Қыркүйек 2022

Қарағанды облысында мемлекеттік жобалар жедел атқарылуда

None
None

Қарағанды  облысында « Қуатты өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жоба аясында,  қалааралық жолдар жөнделіп, жылу құбырлары жаңартылып, газ қазандықтары салынды, сонымен қатар тұрғын үй құрлысы қауырт жүруде.

Халық көптен күткен газ қазандықтары орнатылды.

Салыстырмалы түрде алып қарасақ, биылғы жылдың осы кезеңінде өңірде 355 мың шаршы метр үй тұрғызылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, облыста жыл соңына дейін  өткен жылғыдан  600 мың шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға берілмек.  Мұның сыртында, аймақта осы бағдарлама аясында былтыр 2 мектептің құрлысы басталған. Биылғы жылы тағы екі білім ұясының іргетасы қаланды. Өңірде денсаулық сақтау саласының жаңа ғимараттары да қатарға қосылады. Облыста  200 емделушіге арналған 1 аурухана және 6 ауылдық амбулаториялық пункттің құрылысы қарқын алуда.  Тұрғындарды таза ауыз сумен қатамасыз ету бойынша  үстіміздегі жылы 27 жоба игерілуде. Осы жұмыстармен қатар, су құбырларын тарту мен кәріз желілерін жаңарту бірге жүруде.

-Қазынадан бөлінген қаржыға  ұзындығы 193,4 шақырымды құрайтын құбыр мен кәріз тартуды жоспарлап отырмыз. Таратып айтар болсақ, оның  85,5 шақырымы-  қалаларға тиесілі, 107,7 шақырымы-ауылдардағы су желілері. Жоспарда кідіріс болмаса, ауыз су проблемасы 95 пайызға жойылады деген үмітіміз бар. Осылайша,  2025 жылы өңір тұрғындарын ауыз сумен жабдықтау  міндеті бүтіндей шешіледі,-дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы Саят Мұратұлы.

Қысы алты айға созылатын аймақта тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету ісі жіті бақылауға алынған. Биыл осы мақсатта 8 жоба іске қосылды. Айталық, 10 шақырым жылу желісі күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта Саран қаласында орталықтандырылған қазандық салынып жатыр.

Облысқа көгілдір отын жетізу кезек күттірмейтін мәселеге айналды.  Былтыр қазан айында Теміртау және Қарағанды қалаларында газ тарту желілерінің құрылысы толық тәмамадалды. Бүгінгі күні металлургтер шаhарында 2133 жекеменшік үй газға қосылып,  көппәтерлі 326 отбасы осы қызметті алып отыр. Облыс орталығындағы бірқатар көшелерге көгілдір отын тасмалданды. Қос қаладағы 3872  үйге жыл аяғына дейін көгілдір отын тартылады. Айта кетерлігі, газ желілері «ҚазТрансГаз» АҚ бақылауында.

-Бүгінде Осокаров кенті мен Шахтинскі қаласына газ тарту желілерін салуға арналған жобалау сметалық құжат дайын. Қаржы бөлінген соң, 2023-жылдан бастап желілердің құрылысы басталады. Енді кезекте, Бұқар жырау және Шет аудандарына газ әкелуге қосымша жобалау-сметалық құжат дайындалады,-деп мәлімдеді Саят Мұратұлы.

Биыл облыс көлеміндегі 1200 шақырым көлік жолы жөнделеді. Оның 661 шақырымы- республикалық жол болса, 345 шақырымдық жол облыстық маңыздағы тас жолдар. Қала мен аудандар бойынша 183 шақырым автожол өңдеуден өткізіледі. Осы  қауырт шаруаға жергілікті азаматтар жұмысқа тартылуда.

-Бағдарламаның пайдасы сол, 5 мың адам жұмысқа орналасты. Жұмысшылардың күшімен «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» көлік жолының 17 шақырымындағы жөндеу аяқталады. Онымен қоса, «Осокаров-Молодежное» бағындағы, Молодежное кентіндегі 12 шақырым көлік жолы  толық жаңартылады.  Осылайша, биыл ұзындығы 16 шақырымды құрайтын екінші жобаны аяқтаймыз. Келер жылы «Үштөбе-Құрылыс» автожолында Үштөбе ауылынан «Сарыарқа» әуежайына дейін жететін 9 шақырымдық жол жөнделеді. Сонымен қатар, 21 шақырымдық «Қарабас-Жартас-Долинка»,  «Нұра-Шахтер-Пржевальское» тас жолының 20 шақырымы және 20 шақырымдық Нұра мен Осокаров кентінің күре жолы жаңа кейіпке енеді,-деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының бөлім басшысы Ерлан Кокушев.

Сөз соңында жағымды жаңалықты айтпай кетпеске болмас,  отбасы банкінің қолдауымен кеншілер мен металлургтерге, өңірдегі барлық саладағы жас мамандарға жеңілдетілген тұрғын үй несиесін берудің өңірлік бағдарламасы қабылданды.

Тегтер: