Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 20 Шілде 2022

Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға миллиард теңге бөлінді

None
None

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау және қорғау – Қарағанды облысының басым міндеттерінің бірі.

Өңірде шипажай-курорттық емделуге, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылды.

Бұл өткен жылдармен салыстырғанда мүгедек тұрғындардың әлеуметтену деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Мысалы, егер 2015 жылы техникалық оңалту құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету пайызы 46 % деңгейінде болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 86,4 %-ды құрады.

Биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттен миллиардтан астам теңге бөлінді. Осылайша, аймақта инватакси қызметтері көбейді. Бұл қызметті облыс орталығының ғана емес, моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары да алады. Сонымен қатар, Қарағандыда инватакси қызметтерін алушылардың тізімі кеңейтілді. Оған аутистік спектрде аурулары бар балалар кірді. Олар сондай-ақ басқа да көмек түрлерін алады.

Қарқаралы қаласында орналасқан оңалту орталығында мүгедектігі бар адамдарды арнайы әлеуметтік қызметтермен жан-жақты қамту үшін қуаты 64-тен 84 төсек-орынға дейін ұлғайтылды.

Биыл Балқашта психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу жоспарланған. Қарағандыда сондай-ақ 201 төсек-орынға есептелген балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда балалар арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін алады.

Тегтер: