Қарағанды облысында қосымша 133 бейнебақылау камерасы орнатылды
Өңірде "Қауіпсіз қала" жобасы екі жылдан бері іске асып келеді. Бүгінгі күнге дейін шаhарларға 2859 камера мен 110 АӨК орнатылған.
Биыл аудан тұрғындары мен әкімдерден көшеге қосымша камералар мен АӨК орнатуға сұраныс түскен.
— Біз жаңа атаулы бағдарламаны әкімшілік полиция басқармаларымен, жергілікті полиция қызметімен және Қарағанды қаласы полиция басқармасымен келістік. Тек шілде айында 24 жылдамдық өлшегіш пен 133 бейнебақылау камерасын орнатуға қаражат бөлінді, – дейді "Қауіпсіз қала" жобасының менеджері Павел Ортнер.
1 тамызда тағы АӨК орнатылып, іске қосылды. Соның нәтижесінде Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында жаңа жылдамдық өлшегіштер пайда болды. Осы жыл тұңғыш рет рет Шахтинск қаласына екі АӨК орнатылды. Жол қозғалысы ережелерін тіркеудің тағы бір құралы Дубока ауылындағы жол бойына құрылды. Осы арада жүргізушілер жолда жүру талабын сақтамайды.
Мамандардың айтуынша, "Қауіпсіз қала" жобасы аясында өңірде тамыз айының соңына дейін қосымша 133 бейнебақылау камерасы орнатылады. Мамандар статистикалық камералардың сурет сапасы жоғары екеніне кепілдік беруде. Барлық камералар жедел басқару орталығына шығарылады. Айта кетейік, аталған жобаны енгізумен Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы полиция департаментімен бірлесе отырып айналысады.