Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 02 Қараша 2020

Қарағанды облысында сегіз вагон рельстен шығып кетті

None
None

Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды  ТЖМ баспасөз қызметі.

«2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий разрезі»  ЖШС жүргізіп жатыр.

Тегтер: