Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:17, 03 Қараша 2022

Қарағанды ​​облысында шахтада газ атылып, 4 адам қаза тапты

None
None

Шахтинскідегі кен орнында  апатты жағдай орын алды,-деп хабарлайды Жас Алаш

Ленин атындағы шахтада газ тарап кеткен апатты жағдайдан төрт кенші қаза тапты.

3 қазанда түнгі сағат үш шамасында Шахтинск қаласындағы " Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі Ленин шахтасында газ ауаға тарап кетіп, апаттық жағдай болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарынша тағы бір кеншіні іздеп жатыр. Бұдан өзге жарақат алған төрт адам Шахтинск қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша шахтадан 106 адам эвакуцияланған. Еске сала кетсек, тамыз айында ТЖМ Өндірістік қауіпсіздік комитеті Демартаментінің мемлекеттік инспекторлары Ленин шахтасында тексеріс жүргізген. Сол кезде өндірістік қауіпсіздікті өрескел бұзған 171 ереже бұзған жайт анықталған болатын. Айта кету керек, бұл шахта аймақтағы апатты жағдай көп орын алатын кен орынының бірі.

Тегтер: