Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды — Аягөз — Бұғаз тасжолында (Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде) ауыр жол апаты болды.
Болжам бойынша 35 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азамат басқарған Toyota Land Cruiser 100 автокөлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Жол апаттарының негізгі себебі — жылдамдықты арттыру және қарама-қарсы бағытқа шығу. Жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке тәртібіне байланысты.
Полиция барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады