Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:55, 17 Қараша 2022

Қарағанды облысында жүк пойызы релсьтен шығып кетті

None
None

Қарағанды облысының «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр» учаскесінің 767 «Қарабас – ОП» аралығында жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетті.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың  рельстен шығуы олардың ақаулығына байланысты.

Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.

Тегтер: