Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:09, 30 Мамыр 2023

Қарағанды ​​облысындағы кәсіпорындардың өнімдері сапасы жағынан импорттық өнімдерден кем түспейді

None
None

Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар қуатты серпін беруде, соның арқасында бір кәсіпкерлер өз ісін ашса, енді біреулер қолда барын дамыта алады.

Жалпы, отандық тауар өндірушілер мемлекеттің оларға барынша қолдау көрсететінін айтып жаталы.

Мәселен, «Нәтиже тәтті» ЖШС-нің өнімдерін дәмді, арзан және қолжетімді деп сипаттауға болады. Ал «Kurabie» брендімен жасалған нан печеньесін бірақ қарағандылықтар татып көрді. Өнімдер қазір іске қосу режимінде шығарылуда. Жабдық Түркиядан әкелінген, еуропалық стандартқа сай. «Нәтиже тәтті» ЖШС директоры Сәуле Жанкина:

— Қазір біздеТүркиядан мамандар келіп отыр, өйткені бұл ел өзінің печеньесін шығарумен танымал. Сондықтан өзара тәжірибе алмасу жұмыстары біз үшін аса маңызды болып отыр. Мамандар құрал-жабдықтарды орнатумен айналысты, қазір олар біздің қызметкерлерге технологиялық процесті дұрыс жүргізуді, құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, рецептураларды үйретуде. Біздің зауыттың ауданы бір жарым мың шаршы метрді құрайды. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 20 тонна дайын өнім шығара алады. Бірінші кезеңде 10 тонна болады. Елдегі печеньенің шамамен 45%-ы импортталады. Ал біз қазақстандықтың дастарханындағы кем дегенде әрбір үшінші печенье отандық өнім болғанын қалаймыз. Қазір бізде 8 түрлі өнім бар. Болашақта тұтынушылардың талғамын ескере отырып, ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бағасы импорттық бағадан жоғары болмайды, — деп бөлісті.

Кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелендіру аясында қолдау алған. Несие жылдық 6 пайызбен берілді. Кәсіпкер Сәуле Жанкинаның айтуынша, банк арқылы 900 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жобаның арқасында 45 адам жаңа жұмысқа орналасып отыр.

Ал«Азия-СМ» ЖШС Protec сауда белгісімен салқындатқыш және жылутасыңыш өндірумен айналысады. Өнімдер халықаралық және салалық стандарттарға сәйкес келеді. Шикізат белгілі әлемдік өндірушілерден сатып алынады. Компанияда сынақ орталығы мен зертханасы бар. Мұның бәрі өнімнің өзінің де, түсетін шикізаттың да сапасын бақылауға көмектеседі.

«Азия-СМ» ЖШС директоры Дмитрий Боровков:

— Өнімдерді жылжыту оңай емес. Қоғамдағы стереотиптер кедергі келтіреді: «отандық нәрсенің бәрі сапалы емес» деген пікір әле де баршылық. Біз әлі де сынауымыз, көрсетуіміз, дәлелдеуіміз керек. Бірақ соңғы жылдары оң өзгерістер болып жатыр. Бізде де жақсы өндірушілер бар екенін халық түсініп келе жатыр. Protec антифриздері «Hyundai», «Kia» жеңіл және жүк көліктерінің, «Ютонг» автобустарының қазақстандық өндірісінде (конвейерлік желілерде) қолданылады. Тау-кен және мұнай-газ секторы кәсіпорындарының өнімдерінің сапасы жоғары бағаланады, олар бірнеше жылдан бері импорттық машиналар мен жабдықтарда қолданылып келеді. Біз ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесін енгіздік. Қазіргі уақытта біз жаңарту процесін жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін қол еңбегі болса, қазір ол автоматтандырылған: шикізатты жеткізу, олардың тасымалдану. Жылдық өнімділігі – 2300 тонна. Бірақ қазір бұл қуаттар жеткіліксіз, сондықтан біз жаңғыртудамыз, — деп түсіндіреді.

Мұның бәрі шағын және орта салалардың дамуынаа қатысты. Жалпы, бұл жоба да негізінен «Даму» қорының Қарағанды ​​облыстық филиалының қолдауының арқасында жүзеге асты. «Бизнестің жол картасы — 2025» Мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелер мен кепілдіктер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетіктері қолданылды. ЖШС директорының айтуынша, 100 миллион теңгеге жуық қаражат тартылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылған. Өнім Қазақстан бойынша сатылады, Өзбекстан мен Ресей Федерациясына да жеткізу жұмыстары бар. Отандық өндіруші болып табылады әрі «Kazplast» ЖШС брендіне тиесілі болып саналады.

Зауыт өз жұмысын 2011 жылы бастаған. Кәріз желілері үшін гофрленген құбырлар шығарады. Зауыт машиналары басқа полиэтилен бұйымдарын да шығарады: балалар ойын кешендері, жол блоктары мен конустар, әртүрлі контейнерлер. Шикізат Оңтүстік Корея мен Еуропадан сатып алынады. «Казпласт» ЖШС директоры Александр Иванов:

— Полиэтилен өнімдері бастапқы тағамдық полиэтиленнен айналмалы қалыптау арқылы жасалады. Біздің өнімдер адамдар үшін мүлдем қауіпсіз. Балаларға аранлған кешендер де тағамдық полиэтиленнен жасалған. Біз түрлі-түсті материалды пайдаланамыз, яғни бояу емес, біздің материалдар киімге із қалдырмайды, электрленбейді, бояулары уақыт өте өшпейді. Бұдан бөлек, «Даму» қорының қолдауымен гофрленген құбырлар шығаратын жаңа желіні сатып алуды жоспарлағанымыз бар. Қазір біз диаметрі 125-тен 500 миллиметрге дейін шығарамыз, біз 300-ден 1200 мм-ге дейін шығарғымыз келеді. Қазақстанда мұндай өндіріс орындары жоқ. Жаңа желінің іске қосылуымен біз, шын мәнінде, үлкен диаметрлі жалғыз өндіруші боламыз деп отырмыз, — дейді.

Оның айтуынша, жоба өте өзекті: жаңа ықшамаудандар салынып жатыр, елімізде үлкен диаметрлерге сұраныс артып келеді. Әзірге мұндай құбырлар бізге шетелден әкелінеді. Жаңа желінің іске қосылуы кәсіпорынның қуаттылығын 3-4 есеге арттырып, штат саны 20-30 адамға көбейеді. Балалар кешендерін айтатын болсақ, олар құбырлар сияқты бүкіл Қазақстан бойынша сатылады. Сондай-ақ ассортиментті кеңейтіп, өнімділікті арттыру көзделуде. Айтпақшы, 2022 жылдың 9 айында «Даму» қорының Қарағанды ​​облысы бойынша аймақтық филиалы 772 субсидиялау жобасын қолдаған. Несиелердің жалпы сомасы 26,5 миллиард теңгеден асты.

Қарағанды ​​облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Әсет Тілемісов. 

– Оның ішінде «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша 20,57 млрд теңгеге 736 келісім-шарт жасалған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша – 8 келісім-шарт, бұл 2,5 млрд. «Бизнестің жол картасы — 2025» – 3,4 млрд. теңгеге 28 келісімшарт. Ішінара кепілдіктер бойынша келісімдер саны да артып келеді. Мәселен, былтырғы жылы 720 жобаға кепілдік берілді. Несиелердің жалпы сомасы 16,2 млрд теңгені құрады. Банктік несие принципі бойынша беріледі: Ұлттық банктің мөлшерлемесі плюс 5%, бұл қазір 19,5%. Оның 13,5 пайызын «Даму» қоры субсидияласа, 6 пайызын кәсіпкер төлейді. Бұл шара микро, шағын және орта бизнеске арналған. Кез келген ЖШС, жеке кәсіпкер бұл бағдарламаға қатысып, жеңілдетілген несие, субсидия алып, кепілі жеткіліксіз болған жағдайда 85%-ға дейін қор кепілдігін ала алады, – деп түсіндірді.

Тегтер: