Қарағанды облысының қандай өнімдері сұранысқа ие?
Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері аймақтың өзінде ғана емес, республиканың әр өңірлерінде де кеңінен танымал.
Әсіресе, елдің солтүстік аймақтарда. Мәселен, облыс диқандары бір уақытта 600 тоннаға жуық 117 түрлі өнім бере алады. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Тарпанов:
— Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласынан 126-дан астам шаруа қожалықтары және өңдеуші кәсіпорындар өз өнімдерін шығарады. Жалпы көлемі 600 тоннадан астам, шамамен 750 миллион теңгенің өнімі сатылады, оның ішінде ет, көкөніс, картоп, сүт өнімдері, өңделген өнімдер – шұжық, екі құс фабрикасы ұсынылған. Әрине, республика тұрғындарының, әсіресе, елордалықтардың басты сұранысы – ет пен көкөністеріміз. Бағамыз базар бағасынан әлдеқайда төмен, өйткені біз жақын орналасқандықтан логистика басқа аймақтармен салыстырғанда арзан болды, — дейді.
Жәрмеңкедегі бағалар шынымен де адал. Мәселен, картоп пен сәбіздің келісін 100 теңгеден, пиязды – 90 теңгеге, қиярды – 250 теңгеден, жылқы етін – 2200 теңгеден, сиыр етін – 2000 теңгеге, ал қой етін – 1800 теңгеден алуға болады.
Астана қалалық Инвестицияларды дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету секторын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов:
— Жалпы елордада қарағандылық өнім тауарларының жақында тоғызыншы жәрмеңке өткен болатын. Осы жылдың 21 тамызда өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталған болатын. Жәрмеңкелерде қазірдің өзінде 2,7 мың тоннаға жуық өнім сатылып, оған республиканың әр өңірінен 380-ге жуық кәсіпкер қатысты. Мұнда сауда бөлімінен бастап, ветеринариялық, фитосанитарлық аумақтардағы құжаттарды салыстыру бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне дейін баға саясатының сақталуына барлық қалалық қызметтер тұрақты түрде қадағаланады. Айта кетерлігі, жәрмеңке басталардан бір апта бұрын елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері өңірмен өнім бағасы мәселесін пысықтауда. Біз Ұлттық статистика бюросының сайтында апта сайын жарияланатын көтерме базарларымыз бен статистикамызды басшылыққа аламыз, онда әр аймақтың бағасы бар. Осының барлығы алдын ала пысықталып, ұсынылған бағалар дайындалып, сол көрсеткіштермен облыс тауарларын әкеледі, — дейді.
Қарағандылық Азамат пен Айтолқын Сейтқазин, ерлі-зайыптылар туған өңірлерінен келген тауар өндірушілердің жәрмеңкесін жіберіп алмауға тырасатындарын айтады:
— Қарағандыға әке-шешемізге барғанда үнемі сол жерден айран, сүзбе, қаймақ, жергілікті құс фабрикасының өнімдерін әкелеміз. Бүгін біз өнімдерді сатып алуға келдік, онсыз отбасымыздағы бірде-бір дастархан жайылмайды. Біріншіден, бұл, әрине, ет, көкөніс, ондай бағаны астаналық базардан да таба алмайсың, олар тосапқа деп жидектерді де, балық та сатып аламыз. Жалпы, құр қол қайтпаймыз, — деп бөлісті астаналықтар.