Қарағанды – тау-кен қазба байлығының отаны
Қазақстанда нарықтық экономика жағынан өндірістік қуаты мол, табиғи ресурстарға бай өңірдің бірі – Қарағанды өңірі.
Сол себептен де, бұл өңірде өнеркәсіптің кез келген түрі мен мамандандырудың кешендік түрі оңтайлы дамыған.
Яғни, өнеркәсіп саласына нақтытоқталсақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реформасын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық субьектілері, материалды-шикізат кешендері жан-жақты толығып, осы күнге дейін мыс кені, барит-полиметалл, темір-марганец, көмір қоры өңделуде. Нақты айтқанда, облыста марганец ресурсы жүз пайыз, мырыш отыз сегіз пайыз, көмір отыз екі, мыс отыз алты, вольфрам сексен бес пайыз, алтынның тоғыз пайызға жуығы шоғырланғандықтан, үнемі таибиғи қорларды өңдеу жұмыстары үздіксіз жүріп отырады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері бойынша, Қазақстан бойынша да алатын болсақ Қарағанды өңірі тау-кен қазбай байлықтары бойынша алдыңғы орындарда келеді. Сондықтан да аталмыш өңірде марганец қорын өңдеуші бірнеше кәсіпорындар ашылған. Атап айтсақ, «Казхром» АКТҮК, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС, «Казмарганец» РБ, «Жәйрем КБК» АК, «Қазақмыс», «Балқаштүстімет» өндіру цехтары бар.
Дегенмен, өңірлерде мыншама кәсіпорынашылды деп тоқтап қана қоймай, қазір Қарағанды өңірінің жұртшылығы қосымша кәсіппен де айналысып келеді. Бұл әрине, ел экономикасын біршама көтеруге септеседі. Соған орай, жуырда кәсәпкерлерге арналған «Мен кәсіпермін» – «Кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық жобасы құрылды. Жоба арқылы кәсіби мамандар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын иелерінен қажетті ақпараттарды тегін алу мүмкіндігі қарастырылған. Негізі аталмышбастама 2021-2025 жылдарға арналған екі бағытты қамтиды. Яғни, біріншісі, бизнестегі әйелдер мен өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Және «Кәсіпке бағыт» бойынша кәсібін жаңадан бастаған әрі бұрыннан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру бойынша құзыреттіліктерге оқыту мен салалық оқытуды барынша қамтиды.
Сонымен қатар «әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары бағыты бойынша кәсіптік және бизнес оқытуғ дәстүрлі қолөнер түрлерін, әлеуметтік кәсіпкерлікті оқыту, кәсіпкер әйелдермен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер үшін қаржыландыру (Инвестициялар, гранттар, лизинг, краудинвестинг«бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда аталған осы этаптар бойынша кәсібін енді бастап жатқандар оқуды аяқтағаннан кейін оларға оқығандығын растайтын арнайы сертификат беріледі. осылайша, кәсіпкерлерді қолдау арқылы ел экономикасының біршама көтерілуіне жағдай жасалынады. Осы жасалынған жұмыстардың нәтижесінде жақында «Атамекен» Қарағанды кәсіпкерлер палатасында «Тэгам» ЖШСматериалдық-техникалық базаны, әкімшілік, өндірістік, қойма, үй-жайлар, ғимараттар, технологиялық жарақтандыруды тауар өндіруге, қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтарды қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. сол арқылы отандық өндірушілердің тізіміне енгізудегі басты талаптар өнім техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сай міндетті бағалауға қатысты құжаттары болуы қажет. Осы жұмыстар аяқталған соң, Қарағанды өңірінде шұлық өнімдерін көбірек шығару жұмыстары қолға алынып отыр. бұл туралы Қарағанды аумақтық бөлімшесінің маманы Гульнара Қосыбаева шығарылатын шөлық бұйымдарына: колготкилер, легенстер, шұлықтар, балаларға, ерлер мен әйелдерге арналған шұлықтар «жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті бойынша талаптарға сәйкестендіріліп, шығарылатынын айтты.
Кен орындары, шұлық өнеркәсібінен бөлек өңірде диһаншылыққа да қатысты жұмыстаржүргізіліп тұрады. Мәселен, жуырда ғана Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында егіске қатысты дайындық жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов өңірде егіс алқаптарының көлемі жылдан жылға артып келетінін айтса, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаев:
- Биыл Қарағанды облысына 20,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Наурыз айына бес мың тонна бөлінсе, мемлекет тарапынан субсидтялар түрінде қолдау көрсетілді. Алдағы уақытта ЖЖМ қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ерекше бақылауға алынды, – дейді.
Міне, өңірлер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың легі осындай. жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік кәсіпкерлік, диһаншылық жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырса, әлі де өңідегі өндірістың артатынына семімдіміз.