Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:35, 28 Шілде 2023

Қарағанды ​​тұрғыны телефонына екі бағдарлама орнатып, 11 миллион теңгесінен айрылды

None
None

Интернет-алаяқтар Қарағанды ​​тұрғынын 11 миллион теңгеге алдап кетті. Ол өзіне қоңырау шалғандарға сеніп, бүкіл құжатын суретке түсіріп жіберген.

Ер адам полицейлерге телефон арқылы алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан.

«Мен шахтада жұмыс істеймін. Қазір демалыстамын. Үйде болдым, телефонға біреу қоңырау шалды. Ер адам өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырды. Менің есепготыма шабуыл жасаған заң бұзушыны анықтау үшін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуым керек болды. Ол үшін ұялы телефоныма екі бағдарламаны жүктеуді айтты. Оның кеңесімен бұл бағдарламаларды орнаттым. Содан кейін банктің қауіпсіздік қызметкері менің барлық құжаттарым керек екенін түсіндірді. Жеке куәліктің, банк картасының екі жағын суретке түсіріп жібердім.Содан кейін белгілі болғандай, алаяқты сөзсіз ұстау үшін маған несие рәсімдеу керек екен. Маған банк менеджері телефон соғатын ескертті. Расында, екі-үш минуттан кейін бір әйел телефон соғып, менің деректерімді нақтылай бастады, содан кейін менің несием мақұлданбағанын айтты.

Ал банктің қауіпсіздік қызметкері қайта хабарласады, банк картасын ауыстыру керек деді. Ол үшін ертең сағат 11:00-ге дейін банкке келіп, жаңа карта жасатуым керек екен. Осымен әңгіме аяқталды. Біраз уақыттан кейін ұялы телефонымдағы банк қосымшасын аштым. 600 мың теңгенің есепшотымнан жоғалып кеткенін, оған қоса менің атыма бес жыл мерзімге алты миллион теңге несие берілгенін білдім. Сондай-ақ, басқа банктен бес миллион теңгеге несие беріліпті. Алданғанымды түсініп, полицияға хабарластым», — деп жәбірленуші істің мән-жайынайтып берді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға қауіпсіздік қызметкері немесе банк менеджері қоңырау шалса, бұл дереу күдік тудыруы керек екенін ескертеді. Қоңырауды дереу үзіп, банктің сенім телефонына немесе ішкі істер органдарының 102 телефонына хабарласу қажет.

Тегтер: