Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Қарағандыда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде тыйым салынған уақытты елең қылмайтындар азаймай тұр.
Тәртіпке бағынбайтындарды полиция заң аясында жазалауы заңдылық. Мәселен, облыста өткен тәулікте 13 қылмыстыстық фактінің беті ашылған. Бұл жайында облыстың коменданты Ерлан Файзуллин хабарлады.
Төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа барған 9 кісіге айыппұл салып, 335 адамға ескерту жасалған. Полицейлер өткен түнде тиым салынған 21 затты тәркіледі. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, оның 13-і ұңғылы қару болған.
Есірткі заттарын сақтауға қатысты 6 оқиғаның да беті ашылды. Коменданттық сағат кезінде полиция бөліміне 5 шетелдік азамат жеткізілді.
Таратып айтар болсақ, біреуі төтенше жағдай режимін бұзғандықтан 10 тәулікке қамауға алынып, көші-қон заңнамасынан ауытқыған екеуі жауапкершілікке тартылды. Олардың арасындағы екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылған.