Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:11, 08 Тамыз 2023

Қарағандыда ауруханаға түскен балалардың улануының ықтимал себебі аталды

None
None

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды ​​облысындағы Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қамқорлығындағылардың жаппай улануының ықтимал себебін атады.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы іс-шараларды жалғастырып, бұл жағдайды тексеріп жатыр.

«Алдын ала тергеу нәтижелері, зертханалық деректер, аурудың даму сипаты бұл тамақтан улану емес екенін көрсетті. Жұқпалы ауру да жоққа шығарылды. Неғұрлым ықтимал себеп — белгісіз улы затпен жедел улану.  Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында болады», — деді министр үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының баяндамасын тыңдаған Премьер-Министр Әлихан Смайылов барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуді және балалар шығарылғаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

»Әкімдіктер интернаттардағы, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуі керек. Ішкі істер министрлігі оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау үшін жедел-тергеу шараларын мұқият жүргізуі керек", — деді Смайылов.

осыдан 1 апта бұрын Қарағанды облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған еді. 30 шілдеде екі жеткіншек өзін нашар сезінген, құсып, іші өткен. Дәл осындай белгілермен 31шілдеде мекеменің тағы 10 баласы ауруханаға жатқызылған. Олардың біреуі көз жұмды.

Тегтер: