Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:44, 10 Тамыз 2023

Қарағандыда бірыңғай әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады

None
None

Қарағандының  Чкалов көшесінде орналасқан бұрынғы неке сарайының ғимараты толығымен қайта салынуда.

Келешкте өңірдегі  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі ұйым, үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық алаң да осында орналасады.

Әлеуметтік сала мекемелері топтасатын кешен жыл аяғында пайлануға беріледі.  Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін жұмыс барысында аталған кешендегі құрылыстың барысын аралап көрді. Қазір ғимараттың едендері төселіп, лифтілерді орнатуға  дайындық жүріп жатыр. Айтпақшы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы  лифті болады.  Ермағанбет Бөлекпаев мердігерлерге мүгедектігі бар адамдар үшін кіреберіс ыңғайлы болуды және арнайы автотұрақ тұрғызуды  тапсырды.

-Жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауда ұстаңыздар. Облыс тұрғындары талапқа сай  абаттандырылған орталықта қызмет алуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Былтырғы су тасқыны кезінде  ғарышкерлер көшесі де су астында қалған болатын. Осы арадағы  жолға біраз жылдан бері  күрделі жөндеу жасалмаған. Енді  көшедегі жол төсеніштері ауыстырылып, нөсер кәрізі  жаңартылатын болды. Сонымен қатар,  Ермеков көшесінде жылу магистралі қайта жаңартылуда. Кеше Қараағандыда жауған нөсер жаңбырда тұрғын үйлер мен ғимартаттардың шатыры бүлініп, суағарлар жұмыс істемей қалды. Бөлекпаев төтенше жағдайдан кейін «Нефтебаза» ауданындағы нөсер кәрізінің құрылысын тексерді. Өткен көктемде бұл аудандағы үйлер су астында қалған болатын. Түйінді мәселе енді шешілді. Кәріз жүйесін қайта жаңартуға   облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Желінің ұзындығы – 12 шақырымды құрайды. Оның бойында 19 көше орналасқан.  Жобаны жаңарту екі жыл межеленген. 2024-жылы -4,5 шақырымын жаңадан жабдықтау жоспарлануда.

– Желілердің  70 пайызы тозған, сондықтан қазір ТКШ саласындағы жобалар басымдыққа ие. Жұмыс жүріп жатыр, келесі жылы да үлкен жобалар бар. Алдағы үш жылда біз тек облыс орталығында ғана емес, барлық серіктес қалаларда да толықтай жылумен, су, кәріз және электр желілерін жаңартумен айналысатын боламыз. Оны іске асыру үшін республикадан қаржы бөлуге өтінім беріп, белгілі бір бөлін өтеуге  жергілікті бюджеттен  қаржы қарастыратын боламыз– деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Құрылысқа жауаптылардың айтуынша, өткен жылы кәріздің 700 метр төселді,  межелі жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы керек. Құрылысшылар кесте бойынша жұмыс істеуде.  Қажетті материалдар жеткілікті. Жылыту маусымы басталғанға дейін жоба тапсырылады. Мамандардың мәлімдеуінше,  Бобруйская көшесіндегі үйлер мен жаңа ғимараттарды жылумен байланыстыру үшін қосымша қуат береді.

Тегтер: