Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:45, 18 Сәуір 2022

Қарағандыда екі жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

None
None

Қарағандыда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бүлдіршін құлап кетті, деп хабарлайды «Жас Алаш».

 

Қазір баланың жағдайы ауыр. Ол  реанимацияда жатыр.

«Оқиға Гоголь көшесінде болды. 2019 жылы туған қыз бала бесінші қабаттағы үйдің терезесінен абайсызда құлап түсті. Ол ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің берген ақпараты бойынша, баланың бірнеше жері сынған. Жағдайы өте ауыр.

Тегтер: