Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:36, 05 Наурыз 2021

Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйдің бірінен екі айлық бала табылды

None
None

Майқұдықтағы 15 ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің подьезінен екі айлық бала табылды.

Түнгі сағат 00.15 де подьезден жылаған баланың дауысын естіп шыққан тұрғынның бірі бетонды еденнің үстінде жатқан нәрестені көрген. Алғашқыда сәбиді көріп шошып қалған тұрғын сол маңнан баланың ата-анасын іздеген.  Кейін оларды таппаған соң полицияға хабарласыпты. Баланы жылы киіндіріп,  көрпешеге орап тастап кеткен.

Полиция қызметінің мәліметінше оқиға орнына келген жедел жәрдем шамамен бір жарым, екі айлық қыз баланы қарап көріп, ауруханаға алып кетіпті.  Дәрігерлер сәбидің денсаулығын  жақсы деп бағалап отыр. Дегенмен  ақ халаттылар оның денсаулығын жан-жақты тексереді. Кейін оның анасы табылмаса  балалар үйіне табысталады. 

 «Аталмыш факті бойынша ҚК 119 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта баласын қауіпті жерге қалдырып кеткен ана іздестіріліп жатыр, әзірге табылған жоқ»,- деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Бақытжан Құдияров.

Тегтер: