Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 01 Тамыз 2023

Қарағандыда он екі бала ауыр жағдайда жатыр, бір бала көз жұмды

None
None

Бұдан  екі күн бұрын облыстық  балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  екі бала өзін нашар сезініп.

Бір анығы- құсып, іші өткен. Келесі күні, яғни шілденің 31-де аталған  мекемедегі тағы 10 бала осындай  белгілермен  ауруханаға жатқызылды.

 Алайда, дәрігерлердің жіті қадағалауына қарамастан, бір баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазіргі  таңда алты бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында. Қиын жағдайдағы бүлдіршіндерді  аман алып қалуға облыс пен республикадағы барлық саланың және Қарағанды медицина университетінің профессорлар құрамы ат салысуда. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде  кішкентай пациенттердің жағдайы ауыр. Олардың неден уланғаны белгісіз. Нақты диагноз қою үшін жан-жақты сараптамалар әлі де жүргізіліп жатыр.

  Бүгін емханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтайтын  арнайы комиссия құрылды.

Қылмыстық іс қозғалып,  облыстың арнайы прокурорлар басқармасына берілді. Аймақ басшысы  тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаң талаптары бойынша  жауапты тұлғалар анықталып, жазаланатынын атап өтті. Ал мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.

Осы сәтте облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі Бақ- өкілдеріне  «Қарағанды облысының  балаларға арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де  балалардың тамақтан улануы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық  нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Тегтер: