Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 04 Тамыз 2023

Қарағандыда орманнан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

None
None

3 тамыз кеште Қарағанды облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шара кезінде қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

Polisia.kz схабарлағандай, оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Қазір тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тегтер: