Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 03 Мамыр 2021

Қарағандыда құрастырылған автобустар сапарға шығады

None
None

Жақында Қарағандылықтар шахар көшелерінен  Сарандағы «QazTehnа» зауытында құрастырылып шығарылған  жаңа автобустарды көретін болады.

  «1-Таксокомбинат»  мұндай мүмкіндікке "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген лизингтік бағдарламасының және облыс әкімдігінің қолдауымен қол жеткізген. Бірінші кезекте автобустар  екі, одан кейін төрт бағытқа шығарылады. Сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын қоғамдық көлік барлық заманауи талаптармен қоса «Евро-5» экологиялық санатына сәйкес келеді. Заманауи  көлік түрі мүгедектерге арналған пандустармен балалы жолаушыларға арналған орындармен, сондай-ақ  кондиционерлермен жабдықталған.  Осындай жаңа автобустың  Жезқазғанға да  жөнелтіледі. Сондай-ақ облысішілік, ауданаралық рейстерге сапарға шығады.

– «Биыл Саран қаласы бойынша 15 жаңа автобус қатынайтын болады. Қазір Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде. Олар Саранда жасалады. Сонымен қатар ауданаралық және облысішілік рейстерге шығамыз»– деді Жеңіс Махмұдұлы.

Аймақтағы автопарктерді жаңа техникамен жабдықтау ісі енді іркіліссіз жүрмек.  Маусым айында қарағандылық «Рейс» ЖМ тасымалдаушысына да  16 жаңа автобус жеткізіледі.

Тегтер: