Қарағандыда тағы бір бала балконнан құлады
«Стихиялық урандалудың кесірі балаға қауіп төндіруде»
Қарағанды қаласында балалардың балконнан құлауы белең алып барады. Сәуірдің 16 күні, Гоголь көшесіндегі үйдің 5-қабатынан 3 жастағы қыз құлады. Кеше, түс қайта Құрлысшылар даңғылындағы 9 қабатты үйдің 2-қабатында тұратын 4 жастағы ұл дәл осындай жағдайға тап болды. Екеуі де балалар ауруханасына жатқызылды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, соңғысының денсаулығы орташа күйде. Дәрігерлерді қыз баланың денсаулығы алаңдатып отыр. Өйткені ол жан сақтау бөлімшесінде ауыр күйде жатыр. Ақжелең иелері оның өмірін сақтап қалу үшін барлық ем шараларды жүргізуде. Былтырдан бері шаhарда мектеп жасындағы балалардың мертігуі белең алып барады. Жан түршіктірер жайтқа жас ата-аналар жайбырақат қарауда, ана мен бала мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдар үнсіздік танытуда, атқарушы билік өкілдері марғау.
— Нәрсетелердің өмірін қиятын оқиға біздің қоғамды ойландырмай отыр. Осы проблема еске түссе, жаным ауырады. Жақында әкімдіктегі азаматтарға «қайтіп тоқтатамыз?» деген ымыра білдірдім. Олар «Қарағандыда 100 мың үй бар. Әке-шешелерінің бас-басын жауапкершілікке шақыра алмаймыз ғой» дейді. Құрлысшылар болса, «пластикалық терезелердің қорғанышы әлсіз. Әйнеке кигізілетін маскитті тор құтқармайды. Сондықтан, жоғарғы жағы ашылатын әйнек орнату керек»-деген кеңес айтты. Келешек ұрпақтың өмірін қиятын өзекті мәселені жеделдетіп шешетін уақыт келді. Менің ойымша, осының бәрі стихиялық урбандалудың кесірі. Ауылдан қалаға көшіп келген ата-аналар қала тұрмысына дағдыланбай жатыр. Балаларын қараусыз қалдырып, діттеген жерлеріне ойланбастан кете барады. Бейқам, жауапсыз,-дейді облыстық қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі Ниқан Омарханов.