Қарағандыда төртем дүниеге келді

25.05.2018, 22:35

175

Төрт жылдан бері бір шақалаққа зар болған Горх отбасы бірден төрт баланың ата-анасы атанды. Регина жүктіліктің бірінші кезеңінде егіз күтіп отырсыз деген қуанышты хабар естіген. Жас анасың қуанышы жүктіліктің екінші кезеңінде (триместр) еселене түскен. Дәрігерлер екі емес, төрт сәбиді күтіп отырғанын хабарлаған. Сондан бері дәрігерлердің бақылауында болған Регина ГОРХ  бүгін аман есен перзентанадан шықты. Үш ұл, бір қызды дүниеге әкелген келіншектің анасы егіздің сыңары екен.«Менің анам егіздің сыңары. Алғаш қуанышты хабарды естігенде есімнен танып қала жаздадым. Әрине, қуаныш қой. Әлбетте, уайым да, үрейде болды. Себебі, бір баланы дүниеге әкелудің оңай емес екенін мен жақсы түсінем. Ал, менде бірінші жүктілігімде бірден төртеу. Дәрігерлерге де ризалығым шексіз. Тек бір баламның қолы қысқа. Дәрігерлер оны жүктілік кезінде де айтқан-ды.Қысылып қалған болу керек. Ең бастысы сәбилерім аман есен»,- деген жас ана алдағы қиындықтарға да төземін деп отыр.Горх отбасы Қарағанды облысы, Саран қаласында бір бөлмелі пәтерде  тұрады. Ал, сәбилердің әкесі Николай ГОРХ  жеке фирмада қарапайым жұмыскер. Жалақысының аздығына қарамастан, отбасым үшін тер төгуге дайынмын деп отыр.«Аядай бір бөлмелі баспанамыз бар. Көңіл сиса барлығы сияды. Балаларымды асырау үшін барымды саламын. Қиындықтар болады, дегенімен сәбилердің дүниеге келуінен басқа маңызды ештене жоқ. Туыс бар, ел жұрт бар дегендей көмектесеміз деп қол ұшын созушылар  көп. Сондықтан,  еш алаңдамаймын. Ең бастысы балаларымның денсаулығы»,- дейді отағасы.  Дәрігерлер жүктілік барысында қиындықтардың болғанын жасырмады.  Регина төрт емді өз мерзімінен ерте туған.  Сондықтан, жетілмеген сәбилердің өмірмен арпалысқан мамандар бір келіден асқан балалардың тірі қалулары екі талай еді дейді.«Мынадай салмақпен дүние есігін ашқан сәбилер перзентханада екі айдан аса жатты. Әрине, қиындықтар болды. Ұлдардың салмағы 1келі 800 граммнан аса болса, Эмма атты қыз бала 1 келі 200 гр ғана болды. Барлық қиындық сол нәрестеге түскен. Қазір көзіне ота жасадық.  Ал, ұлдардың бірінің қолы қысқа. Ол қысылып қалғандықтан жетілмей қалған болу керек. Алайда, барлығы жақсы болады»,-  деді Қарағанды облыстық Перинатал орталығының директоры Сәуле АМАНБЕКОВА.Саран қаласына аттанған жас ана мен сәбилерді енді жергілікті емхана дәргерлері қадағалауына алады.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38