Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:16, 28 Тамыз 2023

Қарағандыда уланған тағы бір бала қайтыс болды

None
None

Тамыздың 1 күні Қарағанды қаласындағы  балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында белгісіз нәрседен уланған тағы бала  28 тамызда қайтыс болды.

Көп салалы балалар ауруханасының дәрігерлері 2012 жылы туылған ер баланың өмірін сақтап қалу  үшін барлық ем шараларын жасады.

Пациентке жасалған терапиалық ем жүргізу әдісін республикадағы білікті мамандар тағайындап, жіті қадағалауға алғанымен ешқандай нәтиже болмады. Бала өліміне жүрек соғуының жетіспеушілігі себеп болып отыр. Қалған бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы бұрынғыдай ауыр,-деп мәлімдеді бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, балаларға арналған  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала осындай диагнозбен ауруханаға түскен еді. Ағзасы қатты уланған 13 жасар Әділ Омаров алғашқы тәулікте емдеу мекемесінде көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты заң орындары қылмыстық іс қозғалып, орталықтың басшысы қызметінен шеттетілді.

Тегтер: