Қарағандыда жасалған алғашқы экоавтобус жолға шықты
Саран қаласындағы зауытта құрастырылған экоавтобус тоқпен жүреді. Экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға зиянсыз алғашқы отандық қоғамдық көлік бір ай бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Сыйымдылығы 30 -ға жуық адамға шақ автобус сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүреді. Аккумуляторы толық қуаттанған автобус 280 шақырым жолды басып өтеді. Бір апта бұрын автобусты Саран қаласының жолдарымен сынақтан өткізген жүргізушісі Аманкелді Ахметовтың айтуына қарағанда, экоавтобусқа тоқ қажет емес, желдеткіші мен пеші сұйық отынмен жұмыс істейді. «Ең бастысы-аккумулятор тоқпен толық мөлшерде қуат алса, кез- келген сапарға қиналмай шығуға болады,»-дейді жүргізуші.
Экологияға зардапсыз заманауи автобустың бағасы нарықта 120 миллион теңге тұрады. Мамандардың болжауынша, жаhандық сұранысқа сай көліктің жолақысы келешекте көтерілуі мүмкін. Жолаушылар адам игілігі үшін жасалған көліктің іші кең, жайлы әрі қауіпсіз дейді. Зауыт ұжымы жергілікті автопарк келешекте осындай көлікке сұраныс білдірсе, тұтынушының өтініштерін толық қанағаттандыруға бейілді екенін жеткізді.