Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.

Қарағанды қаласындағы облыстық медициналық жедел жәрдем станциясындағы дау-дамай басылмай отыр.
Осыдан бірер ай бұрын жедел жәрдем қызметіндегі мамандар бастық орынбасары Арман Байсұлтанға шағымданып, арыздарын әлеуметтік желіге таратқан, әрі облыстық денсаулық сақтау басқармасына да жөнелткен болатын.
Мамандардың айтуынша жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары дөрекілік танытып, қарамағындағыларды тілдеп ар — намысына тиеді.
Қазіргі уақытта олар шағымдарын Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімшілікке және Қарағанды облысының прокуратурасына жіберген.
12 қаңтарда дәрігерлер бастық орынбасарын жұмыстан шығаруды сұрап ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жариялады.
Еске сала кетсек, желтоқсан айының соңында бұл мәселеге қатысты Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, соңынан бастық орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартқан болатын. Алайда бұл жазаны жеңіл деп санаған дәрігерлер оның жұмыстан шығарылуын сұрап отыр.