Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 25 Қараша 2022

Қарағандыда жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

None
None

   Бүгін  Қарағанды қаласындағы ДСК  аспалы көпірінде  №41 маршрут пен №146 автобус соғылып, қауіпті көлік апаты орын алды.

 Қақтығыс  салдарынан  № 41 маршруттың жүргізушісі  оқиға орнында қайтыс болды. Ауыр дене жарақатын алған № 146 автобустың жүргізушісі мен 15 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

— Аталған факті полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта  полиция департаментінің жедел-тергеу тобы  мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері  апаттың себеп салдарын анықтау үстінде.  Жол полицейлері  жүргізушілерден көктайғақ кезінде көліктің жылдамдығын асырмай, тас жолда  абайлап жүруді ескертеді,-деген  мәлімдеме таратты ведмоствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті  дәрігерлер қоғамдық көліктің ішіндегі  тағы  8 адамға көмек көрсетілгенін жеткізді. Еске сала кетейік, бүгін таңертен кеншілер шаhарында жаңбыр жауып, оның арты көктайғаққа ұласты. Облыс орталығындағы қолайсыз ауа-райы бір тәулікке ұласты. Әзірге, Қарағандыға қатынайтын серіктес қалалар мен  аудандардың тас жолы ашық.

Тегтер: