Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:27, 19 Мамыр 2022

Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы

None
None

Шілде айынан бастап, еліміздегі пәтер иелері кооперативтері заң жүзінде қызметін тоқтатады.

Оның орнын жаңа басқару нысаны алмастырады. 2020 жылы жарық көрген «ҚР тұрғын үй қатынастары туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, көп қабатты үйлерде  мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестік құру қажет екендігі көрсетілген. Ол бойынша, тұрғын үй мен тұрғын жайдың  жауапты тұлғасы қарамағындағы пәтерлерді, сондай-ақ тұрғын жайға жатпайтын және кондоминиум кешендердің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жауапты болмақ. Осыдан кейін, үй басқару нысанын  белгілеу туралы шешімді кім тағайындайды деген заңды сауал туындайды. Ендігі жерде,  ондай шешімді  пәтер иелері кворум болса тұрғындармен  бірлескен жиналыста, егер кворум жойылса, жазбаша сұраным негізінде қабылданады. Айтпақшы, аймақ бойынша дәстүрлі қызметақының құны төменгі шаршы метр деңгейі бойынша есептеліп отыр. Орташа есеппен алғанда тариф 28, 6 теңгеге белгіленді. Ал, бұдан былай қарай, тұрғын үй кеңесі қалай сайланады дегенге келсек, ол тұрғындардың таңдауымен сайланады. Құрамы 3 адамдық  үй кеңесі төрғамен қатар, ЖС-тің  сенімді тұлғасының жұмысын қатар атқарады. Бұдан тыс, тұрғындардың таңдауымен іріктелетін құрамы 3 кісілік тексеру комиссиясы тағы жасақталады.  Олар кондоминиум кешенін басқару жөніндегі функцияларды атқара алатын  пәтер иелерінің арасынан тексеруші сайлауға құқылы. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыратын үміткерлер  тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания жанындағы біліктікті көтеру курсынан өтуі керек. 

          Қаладағы көп қабатты үйлердің  басым бөлігі осы күндері күрделі жөндеу жұмысын қажет етеді. Бұл жергілікті бюджет қаржысымен жасалатын  шаруа екені белгілі. Жаңа жүйе бойынша, енді   мұндай мүмкіндікке тұрғын және үй жайлардың қаражатын қайтару шарты бойынша жобалау сметалық құжаттары барларға ғана  күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Қазіргі дерек бойынша, аймақта 7330 үйдің жаңа басқару нысанын құруға мүмкіндігі бар. Бүгінде 785 үйде жинақ шоттары ашылған. Ал, басқарудың 6408 жаңа формасының ішінде 731 үйде ағымдағы шоттар бар. Мамандардың айтуынша, бұл көңіл көншітпейтін дерек. Бірақ, ПИК иелері көптен күткен жаңа бастаманың қалалықтар үшін игілігі көп деп отыр.

-Біздің салаға енетін жаңа басқару нысаны жайында көкейде жүрген көптеген мәселеге қанықтым. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласына енетін  бұл реформа көппәтерлі тұрғын үйлердің, ондағы үй-жай иелерінің мүдделерін қорғап, кондоминиум  кешендердің мүлкін күтіп-ұстауға, бір сөзбен айтқанда, тұрғын үй қорының талапқа сай сақталуына оң септігін тигізбек,-дейді Қарағандыдағы Ә. Бөкейхан атындағы ауданның ПИК-төрайымы Сәуле Кәріпбаева.  

Айта кеткен жөн, тақауда Қарағандыда  «Мүлік иелері бірлестігі  жай серіктестік құру бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы қандай мүмкіндіктерді ашады» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтті. Онда облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Махамбет Жанабергенов қатысушыларға жаңа жүйесінің ерекшеліктері  жайында мағлұмат берді.

Тегтер: