Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:49, 09 Тамыз 2023

Қарағандыдағы кетеуі кеткен ЖЭО енді жаңартыла бастады

None
None

Теміртаудағы жылу  желілеріндегі күрделі жөндеу өтіп жатыр. Апта басында өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қысқа әзірлік алдындағы қауыр науқанның барысын көріп қайтты.

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты  №2-ЖЭО-дағы  жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонскийдің  айтуынша, энергетикалық кешендегі  үш қазандық пен үш турбиналы генераторын өңдеу аяқталуға жақын қалды. Алайда, жетінші қазандықты салу міндеті кешеуілдеп тұр. Аталған  нысанда жұмысшылар жеткіліксіз.  Соның салдарынан негізгі жабдықтарды орнату кешіккен.

  Бас мердігер «AB Construction» ЖШС басшысының есебін тыңдаған Үкімет басшысының  орынбасары тапсырысты орындаушыға   құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытымен аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.

Бүгінде металлургтер  қаласында жылу желілерінің ескірген  учаскелерін  қайта өңдеу ісі жүріп жатыр. Қауырт  шаруа жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары  Топар, Шахтинск және Қарағандыға қаласындағы бірқатар энергия кешендерін аралады.

«Топар» ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі және қалыпты жөндеу жұмыстары кестеге сай  жүріп жатыр.

«Бүгінгі таңда нысандардағы  жөндеу міндетінің 60 пайызы  орындалды»,-деп  мәлімдеді  «Топар» ЖЭО-ның жауапты қызметкері Александр Бузо.

Шахтинскідегі  ЖЭО-ның 75 пайызы тозып тұр.  Мұндағы жабдықтарға он жылдан бері  күрделі жөндеу жасалмаған. Биыл үш қазандық пен екі турбинаны жаңартылуда.   Роман Скляр ресми өкілдерге шаруаны күзге дейін  кешіктірмей бітіруді тапсырды.

Қысқа әзірлік барысы  «Қарағанды Энергоорталық» компаниясында да жүруде.  Орталық облыс орталығындағы тұрғындарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Оның құрамына № 3-ЖЭО және №1-ЖЭО кіреді. Алдағы жылу беру маусымына дейін өңірде  16 қазандық пен 10 турбина өңдеуден өткізілуде. Осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 13 млрд теңгеден асады.

Роман Склярға 3-ші жылу таратқыш құрылысының барысы таныстырылды. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Ол өз кезегінде жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға және қаланың жаңа нысандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тегтер: