Қарағандыдағы квазимемлекеттік сектор сыбайлас жемқорлықты алдын алуға кірісті

Елімізде квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу жөніндегі заңға жаңа талап енгізілгені аян.
Құқықтық жобаны іске асыру мақсатында, биылғы жылдың ақпан айында аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті аталған секторларда комплаенс-офицер қызметін ашуды бастады. Аталған заңның орындалысын үйлестіру алғаш рет өңірдегі «Қарағанды су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне енгізіліп отыр. Қазір компанияның комплаенс офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Бұл жекеменшік субьектідегі орта және шағын бинеске қолдау әрі көлеңкелі бизнесті болдырмау тетігі екенін жоққа шығармаған жөн, -дейді әд
істемелік қызмет көрсетуші департамент қызметкері.
-Заңды ілгерлетуді әуелі осы компаниядан бастау себебіміз-«Қарағанды су» серіктестігі жемқорлық қадамынан сақтануды ерте бастан қолға алған облыстағы бірегей субьекті болып табылады. Компания өз ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерте бекіткен. Осылайша, біздің құзыретіміздегі бағыттар бойынша бірқатар шараларға жол бермеуді жіті қадағалаған. Бұл мекеме мемлекеттік сатып алу операциясына қатысады. Сондықтан барынша сақ болғаны абзал. Серіктестіктегі жаңадан тағайындалған комплаенс- офицер алдағы уақытта біздің әдістемелік көмегіміз аясында қызметін одан әрі үйлестіре береді,-дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің привенция басқармасының бас маманы Фарида Қасымова.
-«Департаменттің әдістемелік көмегі арқылы біз компанияның «2021-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар» жөніндегі жаңа жоспарын құрдық. Сондай-ақ, компанияның барлық құрылымдық бөлімшесінде сыбайлас іс-қимыл туралы ақпараттық платтартар ілініп, комплаенс топтың байланыс деректері көрсетілген стендтер орнаттық. Түптеп келгенде, ұжымымыздың қызметкерлері мен мүдделі тұлғалары арасында қаржылық сауаттылықты сақтау жөнінде корпоративтік көзқарас қалыптасты,-дейді «Қарағанды су» ЖШС-нің комплаенс-офицері Жұлдыз Есенова.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің аймақтық өкілдерінің айтуынша, келешекте облыстық атқарушы органына бағынышты барлық жекеменшік мекемелерде комплаенс- офицерлер тағайындалады. Бірінші кезекте мұндай мүмкіндікті иеленетін жекеменшік секторлардың саны 136-ға жетіп отыр. Бұл міндетті мекеменің арнайы білімі бар заңгері атқарады. Айтпақшы, бұдан былай, сумен қамтуға қатысты тұтынушылар арасында қаржылық дүрбелең болған жағдайда тұрғындар мекемедегі коплаенс тобымен байланыса алады. Олармен жедел желіде көрсетілген телефон номері арқылы дем арасында тілдесуге болады. Электорондық пошта арқылы да шағым жеткізу жолы қарастырылған. Айта кеткен жөн, «Қарағанды су» серіктестігі Қарағанды қаласын сумен жабдықтайтын ірі монополистердің бірі. Су құбыры желісінің ұзындығы 719 шақырымнан асады. Бүгінде компанияға тиесілі 40 құрылымдық бөлімше бар. Серіктестікте екі мыңға жуық адам жұмыс істейді.