Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:40, 11 Тамыз 2023

Қарағандыдағы қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылды

None
None

Өңірде қоғамдық көліктер жаңартылу үстінде. Биылғы жылы желіге  тағы да 165 жаңа автобус шығарылады.

Жақында «Саран Қазтехника» зауытынан 59 көлік №5 автопаркке жеткізілді. Ол алдымен Пришахтинскі тұрғындарының қажеттілігін ашады.

Сатылынып алынған автобустардың барлығы климаттық бақылау, бейнебақылау жүйелерімен және ақылды камералармен жабдықталыған. Мәселен, жүргізуші шаршаса немесе тізігде отырғанда маужырап кетсе, яки шылым шексе, телефонмен сөйлессе, камеразаңбұзушылыққа жол берілгені жайлы сигнал береді. Тағы бір ұтымды тұсы, көліктің жүру уақытын да қадағалауға мүмкіндік алып отырмыз,-дейді №5-автобус паркі ЖШС-нің бас директоры Нұрлан Елшібаев.

Мамандардың айтуынша, заманауи қоғамдық көліктер жылдамдықты шектейтін датичтермен, жүріп-тұруы қиын жолаушыларға арналған көтергіштермен жабдықталған. Клиренсі жоғары әрі жүргізушіге қоңырау шалу түймесі де бар. Бұл автобустар «Еуро-5» экологиялық талапқа сәйкес келеді.

Қатарға қосылатынудай жаңа көліктер қалашіндегі және Пришахтинскі бағытында қатынайды. Әсіресе Пришахтинскіліктер үшін 45 және 145 автобустарының жаңаруы жолаушылар үшін жағымды жаңалық болмақ. Тағы бір ұтымды тұсы, қоғамдық көліктердің енді жұмыс уақыты да ұзаратын болады,-дейді жаңа автобустарды аралап көрген облыс әкімі Е. Бөлекпаев.

Өңір жетекшісі одан әрі:

– Біз үш жыл қатарынан қоғамдық көліктерді үздіксіз жаңартумен айналысып  келеміз. Жолаушылардың қаржысын үнемдеу мақсатында, «ONAY» электронды билеттеу жүйесін енгіздік. Осының арқасында, қала ішіндегі ғана емес, қала маңына жүретін көліктердегі жолақысын екі есеге арзандатуға қол жеткіздік. Облыстағы 18 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді. Шаhардағы автопарктердің көлігі 80 пайыз жаңартылды. Алдағы уақытта Пришахтинскіге қатынайтын қоғамдық көліктер кешкі 21:00-ге дейін жүреді. Осылайша, облыс бойынша барлық автобустарды жаңартамыз. Автобус парктері жыл соңына дейін қосымша 33 көлік сатып алынады,- деп атап өтті әкім.

Тақауда Балқаш қаласына жаңа қоғамдық көлік алынады. Автопарк басшылары кәсіби жүргізушілердің жетіспеушілігі проблемасына тіреліп отыр. Бүгінгі күні тек №5- автопаркке 60 жүргізуші қажет. Олар аталған мәселені шешу үшін Спаскідегі тас жолдың бойына автодром салуда. Онда D санатына  жататын үміткерлер арнайы техниканы үйреніп тәжіребиелерін жетілдіре алады.   

Тегтер: