Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:26, 06 Қараша 2022

Қарағандыдағы шахта аумағында жұмысшының мәйіті табылды

None
None

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасы тағы бір қызметкерінен айырылды. Қапыда қаза тапқан жұмысшының өліміне не сеп болғаны әлі белгісіз.

Компанияның таратқан ақпаратына қарағанда, опат болған қызметкер кезекшілікте болмаған. Суыт хабардың мән-жайын біз облыстық полиция департаментінен сұрап білген едік. Ресми органнан мынадай жауап алдық:

-  Ленин атындағы және «Казахстанская» шахтасының арасындағы тоқ трансформаторының жанынан 24 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысына қарай, нақты процессуалдық шешім қабылданады,-деп мәлімдеді департаменттің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тегтер: