Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 18 Тамыз 2023

Қарағандыдағы шахтада апат. Кінәлілер қандай жазаға тартылады

None
None

«Қазақстан» шахтасындағы апатқа кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады ҚР Еңбек министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Қылмыстық кодекске сәйкес, егер сот шынымен басшылық кінәлі деп таныса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Тергеуден кейін апаттың себептері, жеке құрамның өлімі, материалдар сотқа беріліп, сот жауапкершілікті анықтайды. Комиссия материалдарында іс-әрекеттерімен қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзған тұлғалар, лауазымдық нұсқаулықтар көрсетіледі», — деді Оспанқұлов Қарағандыда өткен брифингте.

Бұған дейін өрт салдары жойылғаннан кейін «Қазахстан» шахтасы жұмысын жалғастыратыны хабарланған болатын.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні таңертең болған. Шахтадағы 227 адамның 222-сі жер бетіне көтерілген. Екі кенші қаза тапты. Тағы үш адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: