Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:15, 12 Қаңтар 2022

Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр

None
None

Шахтинк қаласы тұрғындары күнделікті ауқатын  негізінен газға дайындайды. Мұнда орталықтандырылған газ жүйесі орнатылмаған.

Кеншілер шахарын мекен етушілер  үшін тұрмыстық газ балоны ауадай қажеттілікке айналған.

-Жаңа ғана үйге сатып әкелдік. Бізде газ балонының литрін 130 теңгеден сатып жатыр. Әуелде құнының қымбаттығына күдіктеніп,  тасылмал құнын қоса есептеген шығар деген ойда болдым.  Содан, Абай көшесі 97 мекен-жайында орналасқан газ тарату бекетіне баруға бекіндім. Үйдегі босаған балонды көлігіме салып сол жерге  апардым. Ондағылар жоғарыдағы  бағаны айтты. Құнын түсіруді сұрадым, қаққан қазықтай төмендетпей тұрып алды. Қызмет көрсетуші жекеменшік иелеріне бұл әрекеттері заңсыз екен айттым. Алайда, олар: «қайда және кімге шағымдансаңыз, өз еркіңіз!» деді. Бұл арадан жекеменшік үйде тұратындар ғана алмайды. Шахтинскідегі 5 қабатты үйдегілер де газ балонын пайдаланады. Көп қабатты үйде тұрып жатқан әке-шешеме  кеше 17 литрлы балонына газ құйып апардық. Онда да, литрін 130 теңгеден саудалады,-деді Шахтинскі қаласының тұрғыны Рақымжан Қаржасов.

Облыс орталығына қанаттас орналасқан Үштөбе ауылында тұратын Нұрлан Әбжановта,  жақында тұрмыстық газ бағасының литрін 130 теңгеден сатып алғанын растады. 

— Шағын кәсіпкерлер «шығынға батамыз» деп байбалам салып отыр. Біз халық пайдаланатын  газ бағасының құнын арзандату жайында аймақтағы 8 ірі компанияларға ұсыныс білдірдік. Қазіргі кезде  Қарағанды, Теміртау қаласындағы «Темір Газ» «Газойл» «Алпамыс Мұндай»  «Әлем Газдың» бөлімшелері  тұрмыстық газ бағасының литрін  70-80 теңгеден сата бастады.

Бірақ, өңірлердегі қызметтің осы түрімен айналысатын  шағын кәсіпкерлер жыл басында газдың литрін 110 теңгеден сатып алдық. Егер сендер шығынын бізге қайтарсаңдар ғана арзандатамыз деген талап қойып отыр,-дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай  Үсенов.

Спикердің айтуынша, шағын кәсіпкерлердің бұлғақтатқан мәселесін еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрлігі бизнесмендерге өтемақы төлемін қайтару арқылы шешілетінін айтып отыр.  Тек сонда ғана,  тұрмыстық газдың құны халықтың жағдайына қарай бекітіледі.

Тегтер: