Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:49, 05 Сәуір 2023

Қарағандының экономикадағы үлесі артып келеді

None
None

Ел экономикасын көтеру – қай өңірдің болса да басты міндеті. Сондықтанда еліміздің әрбір төңірегінде инвестициялар тарту арқылы, ел экономикасын дамытуда айрықша жұмыстар атқарылып келеді.

Әсіресе, Қарағанды облысы да соңғы жылдарда өзінше өркендеуді бастан кешіруде.

Мемлекет басшысының Жолдауында жастар бастамашылдығына мән беріліп, жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жалпы 1,62 миллиард теңге бөлінген болатын. Соның екі жарым пайызбен үш жүз жиырма төрт кәсіпкерге беру көзделген болатын. Ең алдымен, ел экономикасының дамыту мақсатында өңірде әлеуметтің әлеуетін дамыту, халықты жұмыспен қамтамасыз еті жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді.

Соған орай, Қарағанды облысында биыл өңірлік жұмыспен қамту картасы белгілене отырып, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы әзірленді. Әсіресе, субсидияланған жұмыс орындарына бес мыңнан астам, ас қысқамерзімді курстарға бір мың бес жүз елу бір  адам оқытылады деп жоспарға енгізілді. Нәтижесінде, бүгінде жұмыссыз жүрген азаматтардың бес мыңы ұлттық жобаларға, жиырма екі мыңы босжұмыс орындарына, ал он жеті мыңы жеке бастамаларғабайланысты жұмысқа орналасты.

Осы орайда, ел экономикасын көтеріп, кәсіпкерлікті дамыту аясында өңірде ұлттық жобалар жүзеге асып, экономиканы көтеру мақсатында арнайы ірі кәсіпорындарға көңіл бөлініп, әрі жұмыс күшейту мақсатында жұмысшылар ұсынылуда. Мәселен, «Саран» индустриялық аймағында шина зауыты мен тұрмыстық техника зауыты, санитарлық-гигиеналық құралдар өндірісі, Нұра ауданы мен Теміртау қаласындағы арнайы кокс өндірісі, Бұқар жырау ауданындағы пластикалық құбырлар шығаратын зауыт, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылы, сүт өнімдері мен көкөніс, гүлдер өсіруге арналған жылыжай кешендеріне айрықша көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ өңірлерді  дамытуға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» тақырыбында өңіраралық келісім арқылы жұмысшыларды тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. осыған орай, жұмысберушілерді Түркістан облысымен келісіп, өзара меморандумға қол қойылды.

Айта кететін жайт, жыл басында Қарағанды облысы 4 көрсеткіш бойынша өсім көрсетті. Былтырғы жылдың көрсеткішіне қысқаша тоқталсақ, 11 ірі жоба іске қосылып, екі мыңға жуық тұрақты жұмыс орнына орналасқан болатын. оларды ісе асыруға шамамен 212,7 миллиард теңге инвестицияланып, шетелдік бес жоба іске қосылды. Атапайтсақ, «Сарыарқа» АЭА аумағында 30 жұмыс орны құрылып, «Алтын Арна Geosyntetics» ЖШС геомембранасы мен «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС сервистік орталықтары ашылды. Артынша Балқаш қаласында қуаты 50 мегабайтты құрайтын «KazGreenEnergy» күн электр стансасы өз жұмысын бастады. Ал күз айында «Sunpaper» ЖШС қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнім мен жүз қырық жұмыс орнына арналған «IrkazMetl Corporatipon» ЖШС котодты мыс өндіретін зауыт ашылды. Мамандардың айтуынша, зауытта жылына бес мың тоннаға дейін катодты мыс өндіріледі екен. Сонымен қатар ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірге автомобиль шиналарын өндіру жөніндегі ірі жобаны іске асырылды.

Жалпы осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, инвестиция көлемі екі жүз алпыс төрт миллиард теңгеден асқан. Сонымен бес жарым пайыз өсіммен 732,5 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып, өндіріс көлемін ұлғайта отырып, шикізаттық емес экспорттың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тегтер: