Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:49, 11 Тамыз 2020

Қарызы триллионнан асқан ҚТЖ құрдымға кете ме?

Жемқорлықтан көз ашпаған, пайдасы шамалы,шығыны орасан мемлекеттік компания

Күні кешеЕсеп комитеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен оның еншілесұйымдарында жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды.

Қорытынды мәз емес, ұлттық компанияныңқарызы – 1 триллион 486,1 миллиард теңге. Сұранысы көп билеттерге алыпсатарлық жасалып,жасанды тапшылық арқылы билет бағасын көтеру жүйелі тірлікке айналған. Компаниябасшылығы мұның бәрін көре тұра, көз жұмып отыр. Вагондар өте ескірген, оныжаңартуға құлық жоқ.

      Сонымен, Есеп комитетінің отырысындамынадай қорытынды шықты: «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа теміржол желілерін салуға және елдіңтранзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған тоғыз ірі инфрақұрылымдық жобаны іскеасыруға қатысқан, бұл өңірлерді бір-бірімен байланыстыруды қамтамасыз етугежәне жүктердің тауар айналымын арттыруға мүмкіндік берді, ол 2010 жылғыдеңгейге қарағанда бір жарым есе және 2003 жылғы деңгейге қарағанда екі есеұлғайды.

     Бұл ретте аудит нәтижелері арнайықұрылған, штатында 71 бірлігі бар Бизнесті трансформациялау орталығы «Цифрлықтрансформация» бағдарламасының жобаларын тиімді іске асыруды қамтамасызетпегенін көрсетті, онда бағдарламаны жоспарлау мен орындау сапасының төменекені байқалады.

     Жолаушылар тасымалын мемлекеттіксубсидиялауға қарамастан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ында теріс қаржылық нәтижеорын алып отыр. Пікіртерім нәтижелері жолаушылар тасымалдары қызметтерінехалықтың қанағаттанбайтынын айғақтайды. Жолаушылар вагондарының едәуір бөлігіескірген және қауіпсіздік пен жайлылықтың қазіргі заманғы талаптарына сәйкескелмейді. Мысалы, жолаушылар вагондарының жалпы тозуы 28 пайызды құрайды, оныңішінде 20 жылдан артық қолданылып жүрген жолаушылар вагондарының тозуы 55 пайыздықұрайды.

     Сатып алушылардың сұранысқа ие бағыттарбойынша жол жүру билеттерін жаппай сатып алуы жасанды тапшылықты және билетбағасының негізсіз көтерілуін тудырады. Аталған фактілер жүйелік сипатқа ие,бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан оларды жою бойынша тиімді шаралардың жоқекенін көрсетеді.

    Соңғы бес жылда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында пайданыңтөмендеуі және негізгі қызметтен шығын алу үрдісі байқалуда, оның жалпы сомасы616,8 млрд теңгені құрады. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы-шаруашылық қызметініңқорытындысы бойынша 2015 жылы шығын 460 млрд теңгені, 2018 жылы  86,5 млрд теңгені және 2019 жылы 70,3 млрдтеңгені құрады.

      2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыншатартылған қарыздар «ҚТЖ» ҰК» АҚ міндеттемелерінің көлемі 1 486,1 млрд теңгеніқұрады, бұл 2010 жылғы көлемнен (304,1 млрд теңге) бес есе жоғары. 2015-18жылдары төленген дивидендтер сомасы (1,7 млрд теңге) 2010-14 жылдары төленгендивидендтерден (84,3 млрд теңге) 50 есе аз болды.

     Өнім шығару бойынша пайдалануғаенгізілмеген өндірістік қуаттардың, теміржол қызметтеріне арналған тарифтердіңтиісінше мемлекеттік реттелмеуінің, баланста тұрған активтердің құнсыздануы мениеліктен шығарудың, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді уақтылыжеткізбеудің нәтижесінде жіберіп алынған пайда мен экономикалық шығын фактілеріорын алуда.

      Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойыншаүкіметке «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның шығынды қызметіне назар аудару, жалпыұлттықмақсаттарды ескере отырып, ұлттық компанияның даму стратегиясын қайта қарауұсынылды. Мүдделі министрліктер мен ведомстволарға анықталған бұзушылықтардыжою жөнінде шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарын қамтамасызетпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.

     Бірқатар материалдарды процестік шешімдерқабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберу жоспарланып отыр.

Тегтер: