Қас қағым сәт...

"Әкеміз осынау өнердегі жолын 65-ші жылы бастаған. Әкеміз 14-жастан шахтыда жұмыс істеген. Сол жерге Ленинградтан тілшілер келген. Ал әкем әуесқой суреттерді түсіріп жүрген еді. Сол кезде әкем өзінің зеректігімен, қағылезділігімен көзге түседі. Айта кететін жайт Тәуелсіздік тұсында Елбасы иннагурациясын түсіруге алғаш рұқсат құжатын алған фотокорреспондент Сайлау Пернебаев. Мемлекеттік маңызы бар сәттердің басында өзі жүріп, бүгінгі таңда тарихи жәдігерге айналған суреттерді дүниеге әкелген", — дейді.
Сондай-ақ «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Асылхан ӘБДІРАЙЫМҰЛЫНЫҢ атаулы датаға орайластырып, «Ақ пен қара» атты фото жинақтың алғашқы басылымдық нұсқасын көпшілік қауымға таныстырды. Фото жинақ Сайлау Пернебаевтың фотосурет қорындағы үздік туындыларынан құралған.
Сайлау Пернебаев Қазақстан Журналистер одағының және Республикалық комитетiнiң сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталды. Ғұмырының 40 жылдан астамын осы салаға арнады.