Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:09, 30 Маусым 2020

Қастандық па, кім білсін?!

                                      

Facebook-те күмәнді жазба қалдырған ҚуандықШамахайұлы алты сағаттан соң қайтыс болды.

Көпшілікке белгілі қоғам қайраткері,журналист, ұстаз Қуандық Шамахайұлы Нұр-Сұлтандағы №1 клиникада қайтыс болдыдеген суық ақпар жетті.

      ҚуандықШамахайұлы аталған ауруханада коронавирустан емделіп жатыр екен. Өлімінен алтысағат бұрын журналист Facebook әлеуметтік желісінде күмәнді жазба қалдырған: «Астанадағы№1 клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковидкетексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 02:00-де дəрігер мен медик жігіт келіп, қағазға қол қойдырдыда кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп, аузыма бір ақ дəрі салды да, су ішкізді.Менен басқасына бермеген. «Не зат?» десем, «вирустан сақтайды» дейді. Қастандықшығар деп күмəндімін. Үш литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді.Ештеңе түсіндірмейді», – деп жазған екен ол соңғы жазбасында.

   Өлім себебі мен болған істің мән-жайының жіті тексерілуін талап еткен марқұмныңжары Айша Тұрмағанбетова адвокат жалдап, істі соңына дейін қудалауға кірісті.

     «Не сұмдық болып жатыр? Facebook-ке кіруден қорқатын болдық. Қаптағанқаралы хабар. Есіктің алды түгіл, пәтердің бір бөлмесінен екіншісіне кіругеүрейленетін жағдайға жеттік. Қуандық әріптестіңкүмәнді жазбасын таң алдында мен де оқыдым. Артынан Айша замандастың аңыраған жазбасы жарық көрді. Солқалпында сайттар жарыса жариялап жатыр. Сол баяғы «күмәндіден» асырып айтқанбірі болсашы. Әріптестің соңғы хаты бар, аурухананың нөмірі жазылған. Сонда деймін-ау,әлгі аурухана басшыларынан, денсаулық сақтау министрлігінен күмәнді сейілтетін,ресми жауап беретін бір пенденің табылмағаны ма? Алқымдарынан алар азулыжурналистің де жоқ болғаны ғой. Өкінішті. Бір-бірімізге үрей шақырып, Facebook-тіқазанама кітабына айналдырғанша, осыны талап етейікші», – деп жазды Facebook-тежурналист Арман Сқабылұлы.

     Қуандық Шамахайұлы – Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филологияғылымының кандидаты. 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттікуниверситетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармаменайналысқан. Журналист билікке қатысты сыни көзқарастарын ашық білдірументанымал еді.

Тегтер: