Қасым Қайсенов атындағы застава немесе шекарадағы кездесу

ҰҚК шекара қызметі тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жәнекадрлар бас басқармасының ұйымдастыруымен барған бірнеше күндік сапарда текшекара қызметі, шекаралық ауылдар туралы сөз болды.
Шекарашы сарбаздар мен сардарлардың рухани, әдебитанымдарын арттыру және шекара маңы тұрғындары мен шекарашыларды жақындастырумақсатында Шығыс Қазақстан облысында бір емес, бірнеше ауылда кездесу өтті.Алматыдан Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары БақытБеделхан бастап барған ақын-жазушылар мен журналистер тобы не айтса да, Қазақстаніргесінің бүтіндігін сөз етуге тырысты. Сол кездесулердің бірінде ауыл тұрғындарыныңбірі «қазір шекарадан жау басып кіреді деп қорықпаймыз, біздің қорқатынымыз басқамәселе, шекаралық аймақ бос қалып барады» деді. Ел ішінде жүргенде ең көп естігенсөзіміз де осы болды. Бірақ кездесу кештерінің мақсаты бұл ғана емес болатын.
– Еліміз егемендік алғалы бері әскери тақырып, соныңішінде шекара саласы киноэкраннан да, әдеби шығармалардан да түсіп қалды. Бұрындары бұл тарапта арнайы шығармалар, фильмдерболатын. Жалпы, шекара қызметі тақырыпқа өте бай. Сарбаздар мен сардарлар қызметініңқиындығы ғана емес, басқа да тақырыптар, айталық, ондағы әйелдер образы,балалар тақырыбы. Қызмет етіп жүрген әйелдер ғана емес, офицер жарларының өмірі,солардың бала-шағасының өмірі. Соны ақын-жазушыларға көрсетсек, қызығушылығыноятсақ дедік. Алдағы уақытта жекелеп зерттеймін дегендер болса, шекара қызметі қашандақолдау білдіруге дайын. Бұл сапар соның бастамасы болды, – дейді негізгі ұйымдастырушыбасқарманың БАҚ-пен жұмыс және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы,полковник Қанатбек Солтанов.
Бұл сапардағы ерекше тоқтала кететін жайт – шекараның бірпұшпағында жатқан 20/17 әскери бөліміне қарасты В.Кондюрин атындағы заставаатының өзгеруі болды. Қазақтар «Қанды ірің» атап кеткен отряд командирініңатында осы күнге дейін тұрған застава енді ғана Қасым Қайсенов атымен аталабастады. Бұл мәселе осы күнге дейін бірнеше рет, тәуелсіздік алғалы бері көтеріліпкеле жатыр деуге болады. Бірақ ақыры қайырлы, уақыт өткізіп алды демесеңіз, бәріорнына келді. Заставаға арнайы барғанда сол істің басы-қасында болған, негізгі қозғаушыкүш – аталмыш бөлімнің консультанты, майор әрі ақын Наурызхан Ғазизұлына алғысайтылды. Заставадағы әскерилердің құттықтау бұрышындағы «Заставаның Қасым Қайсеноватына ауысуымен шын жүректен құттықтаймыз!» деген тілдей қағаз көзге оттайбасылады.
Зайсан, Тарбағатай аймағында өткен шекара маңы тұрғындарымен әскерилердің ақын-жазушылармен өткен бірнеше кездесуде ақын Аян Нысаналин,Биғайша Медеуова бастап, бір топ жас ақын-жазушы шекарашылар туралы ойларынайтып, өлең оқыды. Ауыл тұрғындары да қарап қалмай, қонақтарға сұрақ қойыпжатты. Сұрақтың дені – шекара маңы осылай қараусыз қала бере ме дегенге саяды.Ақын-жазушылар келіп отырған соң, «сіздер арқылы сөзіміз жоғарыға жетсе» деп,атап тұрып бірнеше өтініш айтты. Ол туралы алдағы нөмірде кеңінен тоқталатынболамыз. Сапарластарымыз да өз шығармаларына арқау етуге уәде берді.
Бұл кездесуді ақын Бақыт Беделхан «ақын мен батырбірікпей, рух болмайды» деп сипаттады. Бұл бірігу былтырдан бері ұйымдастырылыпкеледі. Алдағы уақытта Қазақстанның өзге де шекаралық аудандарын аралауды жалғастырмақ.