08:35, 11 Қаңтар 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр дағдарыс»
Кеше Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс саммиті өтті.
Кеңестің тақырыбы Қазақстанның бірнеше қаласында болған террористік шабуылдарға арналды.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында болған ең ауыр дағдарыс екенін айтты. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің көшбасшыларына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Бұл ҰҚШҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы және ҰҚШҰ бұдан тәжірибе алады деп үміттенемін. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тетігі. Қазақстан тап болған қауіп-қатер бәрімізге ортақ. БҰҰ мен халықаралық ұйымдар тарапынан қолдауды қамтамасыз етудің маңызы зор», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.