12:53, 22 Шілде 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасыЕрболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына Ұлттықбанк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несиесаясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалубарысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есепберді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасынабірқатар нақты тапсырма берді.