06:51, 21 Қараша 2022
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 85,52 пайызы дауыс берді - Қоғамдық саясат институты
AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Жас Алаш.
Еxit-poll нәтижесі:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 %;
Жигули Дайрабаевқа – 2,67 %;
Қарақат Әбденге – 2,61 %;
Мейрам Қажыкенге – 2,43 %;
Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 %;
Салтанат Тұрсынбековаға 1,44 %;
Бәріне қарсы 3,4 пайызы белгілеген.