Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:48, 16 Қараша 2022

Қатерлі ойыншықтан қалай құтыламыз?!

None
None

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің мамандары осылай деп дабыл қағып отыр.

Аталған ведмоство  биылғы жылдың он  айында сауда орындарындағы балалар ойыншықтарына бақылау жүргізген.  Сынамаға  388 балалар ойыншығы алып, сарапта нәтижесінде оның 172-сі,  яғни 44,3 % құрамында  сәбилердің денсаулығына зиян туғызатын  таксиндер табылған.

-Мәселен, бөбектерді шомылдыруға арналған «Bab Iove» ойыншығында, «Өрмекші адам»,  «trenody» қуыршақтарында,  сондай -ақ «Әскери» жиынтықтардың  беткейлерінде және  жұмыс істемейтін жиектері өткір. Мұнымен қоса, Қытайлық тауарда  құрамы көрсетілмеген,  сылдырмақтарында өрнектері  тиянақты тазартылмаған. Ол бала ағзасына зиян туғызатыны кәдік. Осы елде жасалған «Miosh» фирмасының «Чашка»  деп аталатын ойыншығында шу деңгейі жоғары. Аталған тауарлардың барлығы Қытай, Өзбекстан, Ресейде жасалған,- дейді облыстық  тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Сақтықта қорлық жоқ

Бір таң қаларлығы, бұл балалар ойыншықтарының көбісі  сертификатсыз сатылып кеткен.  Тұтынушылар ресми құжатты талап етпеген. Сондықтан, тұтынушыларға бөбектерге  мұндай сыйлық сатып аларда, аса қырағы әрі талапшыл болу ләзім. Өйткені, балаңыздың қауіпсіздігін ойлау-әрқайсымыздың міндетіміз. Бала тағдырына келгенде, білім мен талап қатар тұру абзал. Осыны меңзеген СЭБД-нің  қызметкерлері ойыншық аларда әуелі бұйымның атауы мен өндірушінің мекен-жайын, өнімінің құрамын, жарамдылық мерзімі мен баланың жасына сәйкестігін анықтауға назар аударуды ескертеді.

Мұнымен қоса,  тауарға байланысты  Еуразиялық экономикалық одақтың «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» регламентін сұраудың еш әбестігі жоқ. Әсіресе, аналар сәбиге пластикалық ойыншықтарды ұсынудан аулақ болған абзал. Себебі, олардың құрамында улы бояулар мен ауыр металдар кездесуі әбден мүмкін.  Иісі өткір, ашық түсті ойыншықтарда бояу ізі қолда қалса немесе бояуы өшіп, солғын тартса, қоқысқа тастаған жөн деген  кеңес айтады тазалық індетті қадағалаушылар.

Сонымен, арзан, бастысы-бала ағзасына зиянды ойыншықтарды сату арқылы олжаға батқан саудагерлерге қандай жаза қолданды? Аймақтық санитаралық-эпидемиологиялық департаменті жоғарыдағы залалы көп санаттағы ойыншықтарды сатылымнан алу жөнінде ұйғарым жасады.

Тегтер: